Ақтоты Райымқұлова жаңа қызметіне кірісті

0
163

Ақтоты Райымқұлова «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының басшысы қызметіне кірісті, — деп хабарлайды Kznews.kz сайты. Бұл туралы композитор Facebook парақшасында жариялады.

«Құрметті достар!

Сіздермен бөлісер жақсы жаңалығым бар.

Бүгіннен бастап еліміздің ең ірі концерттік ұйымы – «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының басшысы қызметіне кірістім.

Өздеріңіз білетіндей, 60 жылдық тарихы бар бұл ұйым – қазақ музыкалық өнерінің қара шаңырағына айналған үлкен мекемелердің бірі. 2016 жылдан бері ұйымның бас кеңсесі елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында орналасқан. 2021 жылы ұйымға КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың есімі берілді.

Қазақконцерт ұйымында еліміздің үздік әртістері мен шығармашылық ұжымдары бас қосқан. Қазақконцертте барлық музыкалық өнердің жанрлары ұсынылған: фольклор, классика, эстрада, мюзикл театры.

Алдағы уақытта осы концерттік ұйымның және қазақ музыка өнерінің өркендеуіне өз үлесімді қосып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес халық пен мәдениеттің арасында тікелей диалог орнатып, Жаңа Қазақстанды құруға өз күшімді саламын. Жалпы, музыка өнерін халыққа қолжетімді етіп, мәдениетті насихаттап жүрген «Қазақконцерт» ұйымы мен үшін жат орта емес. Сондықтан мәдениет саласындағы ұзақ жылғы тәжірибем де, шығармашылық қабілетім де осы мақсаттың жүзеге асырылуына бағытталады» — деп жазды Ақтоты Райымқұлова.

(фото: azretsultan.kz)