Синоптиктердің 21 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы

0

2018 жылғы 21 желтоқсан 07:22 185

Синоптиктердің 21 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат — 21 желтоқсан күні Қазақстанның басым аумағында ауа райына антициклон слемі ықпал ететін болады. Осыған байланысты жауын-шашынсыз, аязды күн райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, күшті жел болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Таңертең және күндіз 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады, екпіні 23 м/с күшейеді.

Түркістан облысының жекелеген жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады, желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман болжанады. Таңертең және күндіз жел 15-20 м/с артады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысында тұман, көктайғақ болады, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, түнде жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман болады.

 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz