Алматыда тепловоз адамды басып кеткен

0
174

Желтоқсанның 21-і күні кешкісін Алматыдағы Райымбек даңғылы мен Байзақов көшесі қиылысындағы темір жол өткелі үстінде тепловоз басып кеткен ер адам аяғынан айырылған деп хабарлайды жергілікті басылымдар.

Зардап шеккен кісінің көмек сұраған дауысын естіген өзге адамдар жедел жәрдем шақырып, оны жергілікті ауруханаға жеткізген.

Полиция төтенше оқиғаның жай-жапсарын тексеріп жатыр.

Дереккөз: Азаттық