Симптомсыз адамдар назардан тыс қалмайды – Сәуле Қисықова – Қазақстан жаңалықтары

0
1
Advertisement

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавируспен симптомсыз және симптомды ауырғандарды емдеу стратегиясын бөлудің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

«3 маусымнан барлық ресми дерек көздерінде коронавирус инфекциясы бойынша ауру белгілері бар және клиникалық белгілері жоқ вирус тасымалдаушыларға қатысты статистика жеке жүргізіледі. Бүгінде елордада коронавирус жұқтырғандардың 60 пайызы клиникалық белгілері жоқ вирус тасымалдаушылар болып отыр. Бұл шара медициналық көмекті ұтымды әрі уақытылы көрсетуді ұйымдастыру үшін жасалуда. Симптомы бар науқастарға көбірек көңіл бөлінеді», – деді С. Қисықова «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, клиникалық белгілері жоқ адамдар да назардан тыс қалмайды.

«Аумақтық емханалар оларға үй карантиніндегі адамдарға арналған нұсқаулықты беріп, қашықтан бақылайды. Науқастар қажетті аппараттармен қамтамасыз етіліп, олардың жағдайын білу үшін күн сайын қоңырау шалынады. Клиникалық белгі пайда болған кезде, олар белгіленген ауруханаларда тексеріледі. Осы орайда өкпені рентгенге немесе компьютерлік томографияға түсіреді. Қорытындыға сәйкес, ем-дом жүргізіледі», – деді басқарма басшысы.

 

stan.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз