СІМ Түркияда COVID-19 анықталған 50 қазақстандық туралы ақпаратқа түсініктеме берді

0

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Анталиядағы ауруханаға жатқызылған қазақстандықтар туралы ақпаратты растамады.

Әлеуметтік желілерден хабарлама жазылған скриншотты журналист Михаил Козачков Telegram каналында жариялады. Хабарламада «Қазақстаннан Анталияға ұшып кеткен 55 адам КВИ-мен ауруханаға жатқызылды» делінген.

Коронавирусты жұқтырған қазақстандықтар табылған жағдайда, түрік дипломаттары бұл туралы қазақстандық тарапты хабардар етеді.

«Біздің Анталиядағы дипломаттарымыз қазір жағдайды біліп жатыр», — деді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.