СІМ басшысы карантинге жатқызылды

0

Вирус жұқтырған шетелдік делегация мүшелерімен болған кездесуден кейін Германия СІМ Хайко Мас оқшауланды.

ГФР сыртқы істер министрі Хайко Мас коронаирус жұқтырғандармен байланыста болғаннан кейін соңғы бірнеше апта ішінде екінші мәрте карантинге оқшауланды. Германия СІМ хабарлауынша, SARS-CoV-2 бірінші тесті теріс нәтиже көрсетті.

Министрге вирус жұқтырған адаммен байланысқаны туралы сол күні ертерек хабарланған, ал таңертең ол үкімет отырысына қатысқан. Түстен кейін Грекия сыртқы істер министрі Никос Дендиаспен жоспарланған бірлескен баспасөз мәслихаты тоқтатылды.

Хайко Мастан басқа 2 қарашада Берлиндегі шетелдік делегациямен кездесуге қатысқан Германияның Сыртқы істер министрлігіндегі Еуропа істері жөніндегі мемлекеттік министр Михаэль Рот(Michael Roth) және ведомствоның бірнеше қызметкері карантинге жіберілді, олардың біреуінен SARS-CoV-2 анықталды.

Мас қыркүйек айының соңында күзетшілерінің бірі коронавирусын жұқтырғаннан кейін өзін-өзі оқшаулауға кеткен болатын. Қазан айында Германияның Денсаулық сақтау министрі Йенс Спаннан (Jens Spahn) коронавирус инфекциясы анықталды.

inform.kz