Еуропада мутацияға ұшыраған Covid-19 құндыздан адамға жұқты

0

Бұл туралы әлеуметтік желіде Данияда тұратын қандасымыз Қажи Аюби жазды.

Данияда мутацияға ұшыраған коронавирус құндызға жұғып, құндыздан қайта 12 адамға жұққан.

«Егер коронаның бұл түрі әлем бойынша тарап кетсе, бұған басынан бастап жаңа вакцина шығару керек. Демек және бір-екі жыл тағы керек жаңа вакцина шығару үшін.
Бұл аурудың алдын алу үшін Данияда 17 мил құндызды қырып тастайтын болды. Дания жылына 700 мил долларға жуық құндыз терісін экспорт жасайтын дүниедегі ең ірі мемлекет» деді желі қолданушысы.

«Дания билігі барлық құндыз өсіретін компаниялардың қаражатын беретін болды.

P.S. достар, егер Қытай корона вирусты жасырмағанда әлем бойынша осынша шығын болмас еді. Диктатураның қатерлі жері осы!» деді Қ.Аюби.