Си Цзиньпин: «Қытай кедейлікті толық жеңді»

0

Қытай кедейлікпен күресте толық жеңіске жетті: соңғы сегіз жыл ішінде 100 миллионға жуық адам кедейлік шегінен жоғары көтеріле алды, деді 24 ақпанда Қытай басшысы Си Цзиньпин. «Қытай коммунистік партиясы мен қытай халқының бірлескен күш-жігерінің арқасында біз кедейлікпен күресте толық жеңіске жеттік», — Қытайдың кедейлікпен күрестегі көрсеткіштері жөніндегі кеңесте деді Си Цзиньпин.

Ол соңғы 8 жылда Қытайда 98,99 миллион ауыл тұрғындары кедейліктен шығарылғанын, 832 округ және 128 мың ауыл кедей аймақтар тізімінен шығарылғанын атап өтті. Реформалар мен ашық саясатының басталуынан бастап 1970 жылдардың аяғында 770 миллион ауыл тұрғындары кедейліктен шығарылды.

«Осы кезең ішінде Қытай кедейлікті жоюға қарсы дүниежүзілік күреске 70 % үлес қосты. Осындай жетістіктермен Қытай тарихта қалатын тағы бір ғажайып жасады», — деді Си Цзиньпин. Си Цзиньпин алғаш рет кедейлікті мақсатты түрде төмендету туралы 2013 жылы елдің орталық бөлігіндегі Хунань провинциясына инспекциялық сапары кезінде мәлімдеді.

Қытай реформаларының сәулетшісі Дэн Сяопин арқасында артта қалған маоистік Қытай қазіргі мықты Қытайға айналды. Егер Мао Цзэдун қытайлық жұмысшылар мен шаруаларды саяси және революциялық ұрандармен ынталандырса, Дэн Сяопин материалдық ынталандыруды жөн көрді. Мао өзіне сеніп, Қытайды жауып тастады. Дэн Сяопин, керісінше, ашық саясатын жариялады.

Ол бүкіл әлем бойынша әлеуетті инвесторларды іздеп, оларды Қытай экономикасына инвестиция салуға сендірді. Дэн Сяопиннің сарабдал саясатының арқасында Қытай әлемдік экономиканың көшбасшыларының біріне айналды. Қытайдың жалпы ішкі өнімінің жыл сайынғы өсуі 7 – 10 % құрады. Бүгінде Қытай тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша әлемдік көшбасшыға айналды. Қытай ЖІӨ – нің 50 %- ы әлемдегі ең ірі өндірістік кешендерден келеді. Қытай әлемдегі ең ірі инфрақұрылымды жасады, қазіргі заманғы және жылдам жүретін теміржол желісінің ұзындығы 20 мың шақырымнан асты.

Бүгінгі таңда Америка Құрама Штаттары және Ресеймен бірге Қытай компьютерлік техниканы, электр машиналарын және басқа да жоғары технологиялық өндірістерді дамытып, ғарыштық державаға айналды. Ол тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша әлемдік көшбасшы болды – жыл сайын ел экономикасына 100 миллиардтан астам доллар құйылады. Мұнда инвесторлар үшін бизнестің тартымды жағдайлары жасалады, сондықтан барлық әлемдік компаниялар Қытай экономикасына инвестиция салуға тырысады.

ҚХР – да Коммунистік партияның толық билік жүргізіп отыр және елде социалистік жүйе даму етуде. Әлемде кедейлікпен күресте ең маңызды үлес қосқан Қытай жаңа міндеттерді – «орташа табысты қоғамды» құруға және «қытайлық арманы» жүзеге асыруға көшті. Қазірдің өзінде Қытайда көптеген негізгі мамандықтар бойынша, атап айтқанда дәрігерлер мен оқытушылардағы орташа жалақы әлемдік деңгейден асып түседі. Жыл сайын 120 миллион қытайлықтар шетелге шығуға – турист ретінде мүмкіндігі бар. Реформа жүйесі мұқият ойластырылған, Қытай азаматтары өздерінің тәжірибесінен ертеңгі күндерден гөрі жақсы өмір сүретіндерін біледі. Бұл қытайлық қоғамында ең жақсыларға деген рухани тілек атмосферасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты