Шымкенттік мұғалім сабақ уақытында не себепті оқушыны ұрғанын түсіндірді — Қазақстан жаңалықтары
Желіде Шымкент мектептерінің бірінің география пәні мұғалімі оқушыларын жауапсыздық үшін сөгіп, эмоцияға беріліп кетіп, оқушылардың бірінің бетінен ұрып жіберген видеосы таралып кеткен. Кәнісін мойындаса да, мұғалім жауапкершіліктен құтыла алмаған. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.
Желіде таралған видеода мұғалім балаларды әрекеттері үшін кінәлап, оларға ұрсып жатады. Сөйтіп тұрғанда сыныпқа тағы екі оқушы кіріп келеді. Олардың бірін қабырғаға тақап, екіншісінің бетінен салып қалған. Мұны оқушылардың бірі видеоға түсіріп алған. Кейін осы видео ата-аналар арасында тараған.
Белгілі болғандай, оқиға Шымкент қаласының №83-ші мектебінде болған. Осыдан кейін мектепте жанжал туындаған. Жиналыста ата-аналар мұғалімге шара қолдануды талап етті.
«Ол менің жиенімді ұрған. Видеода көрінеді»,-дейді Вера Харченко.
«Ол жақсы мұғалім. Бірақ шыдамсыз, балалармен жұмыс істей алмайды. Балалар 5-10 минутқа сабаққа кешігіп келген»,-дейді Валентина Берегова.
Батыр Кушбаев 22 жылдан бері сабақ береді екен. Ол өз кінәсін мойындаған. Сол күні қатты ашуланғанын және болған жағдайға өкінетінін айтады. Ол балалардың оны жиі алдайтынын, сабаққа кешігіп, түрлі сылтаулар айтатынын, мұның бәрі мұғалімге деген құрметсіздік екенін жеткізген.
«Сабақ басталып кеткен соң, оқушылар келмеді. Оларды қоңырауда көргенмін. Сабаққа 15 минут кешігіп келді. «Қайда болдыңдар?» деп сұрағанда «дәретханада» деп жауап берді. Мен олардың өтірік сөдеріне ызыландым»,-дейді ол.
Мұғалім балалар мен олардың ата-аналарынан кешірім сұраған. Оқушылар да өз кінәләрін түсінген.
Бибігайша Жанабаева, Шымкент қаласының № 83 орта мектеп директоры орынбасары:
«Ата-аналарымен бірге олардың өтініші бойынша мұғалімнің айлығын қысқарту шешімі қабылданды. Ата-аналар да келісті»,-дейді.
Алайда, 150 мың теңге болатын мұғалімнің айлық табысын қысқарту оған қиынға соғатын болғандықтан, Батыр Кушбаев қатаң сөгіс алумен шектелетін болды деп шешілген.
stan.kz