Шымкенттегі атысқа қатысты тың дерек шықты

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Полицейлер Шымкенттегі дәмханада кімдердің атыс шығарғанын анықтады. Арасында бұған дейін сотталғандар да бар

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан — Sputnik. Шымкенттегі дәмханалардың бірінде болған атыс салдарынан бір адам көз жұмып, бес адам зардап шекті. Төртеуі бірден ауруханаға жеткізілген. Полиция қарулы шабуыл ұйымдастырған екі адамның кім екенін анықтады. Алайда олар әлі ұсталған жоқ.

Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетовтың айтуынша, атыс ұйымдастырғандардың арасында бұған дейін сотталғандар да бар, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

«Күдіктілер бар, кімнің оқ атқаны анықталды. Қазір бұған не себеп болғаны тексеріліп жатыр. Арасында бұған дейін сотталғандар да бар. Бұл небәрі бір тәуліктің ішінде жүргізілген жұмыс нәтижесі. Қару тәркіленді «, — деді ол.

Полицейлер қылмысқа көлікте табылған қомақты ақшаның қандай қатысы бар екенін де анықтап жатыр. 

Теңге және доллармен сақталған қаражат дәмхана маңында тұрған көліктердің бірінен табылған болатын. 

Зардап шеккен екі адам әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Екеуіне де оқ тиген.



sputniknews.kz