Шымкенттегі Арбатта ән салған тәртіп сақшылары жұртты сүйсіндірді (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Әлеуметтік желілерде Шымкенттегі Арбатта ән салған тәртіп сақшыларының видеосы кеңінен тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

полициялар

Көптеген желі қолданушылары бұл бейнежазбаны ықыластықпен қарсы алды. Біреулер аталмыш концерттің алдағы келе жатқан 8 наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылыған деп айтыпты. 

«Мен мына видеоны достарыма бірден жібердім», «Қандай талантты қызметкерлер» деген сынды жазбалар қалдырыпты желі қолданушылары. 

Еске салайық, бұған дейін полицейлер қаладағы Арбатта ән салуға тыйым салған еді. Кейіннен Шымкенттің экс-әкімі  Ғабидулла Әбдірахиов бұл бастаманы күлкілі деп тауып, музыканттардың саябақта жүрулеріне рұқсат берген. 

 

stan.kz