Шымкентте үйлену тойы кезінде қонақтар атыс шығарды

0
Шымкентте үйлену тойы кезінде қонақтар атыс шығарды


Шымкентте қарашаның 14-нен 15-не қараған түні үйлену той салтанатында бірнеше ер азаматтар арасында өзара жанжал туындап, атыс шығарған.

Бұл туралы Stan.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жанжал кезінде қонақтардың бірі травматикалық қарудан С. есімді азаматқа оқ атқан. Салдарынан оң маңдайы мен іші жарақаттанған. Мұнан кейін тағы бір адам оның артқы жағына пышақ сұғып алыпты.

Мұнан кейін «Мазда» көлігіне отырып, оқиға орнынан ізін суытқан олар полицияның қызметтік көлігімен соқтысыпты.

Ал жәбірленген жігіт қалалық ауруханаға жеткізілді. Оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Полиция қызметкерлері жанжалдың барлық қатысушыларын анықтап, күдіктілер ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.