Неше градус суық болғанда сабақ болмайды?

0
213

Мектептер мен колледждерде қандай жағдайда сабақтар кейінге қалдырылады, сондай-ақ, бүгін сабаққа барудың қажеті жоқ екенін қайдан білуге болатынын Sputnik Қазақстан инфографикасынан оқыңыз

Ауа райының қолайсыздығына байланысты сабақтың болмайтыны туралы хабарды білім басқармасының мемлекеттік органдары таратады. Бірінші ауысым үшін сағат 6:15-те, екінші ауысым үшін сағат 12:15-те хабарланады.

Сондай-ақ, болмаған сабақтарды демалыс кезінде немесе оқу бағдарламасына қосымша енгізіп өткізуге тыйым салынған.

Бірақ сонда да балалар оқуға келген болса, бақылау мен пәндердегі жаңа тақырыптардан өзгесінің бәрі (оқу, қосымша сабақ, үйірме, ұзартылған күндегі топтық жұмыстар) толықтай оқытылады.