Шымкентте түсірілген видео жұрттың жағасын ұстатты: Полиция пікір білдірді

0

Әлеуметтік желіде мысықты өлтірген ер адамның видеосы кеңінен тарап, көпшіліктің талқысына түсіп жатыр. Шымкент қаласында орын алған жағдайға байланысты қалалық полиция департаменті пікір білдірді.

Видео Instagram желісіндегі pomogi_zhivotnym тобында жарық көрген. Кадрдан ер адамның мысықтың денесін ұстап бара жатқанын байқау қиын емес. Сонымен қатар, оны кіналап, мысықты өлтіргенін айтып айқайлаған әйелдің даусы естіледі.

«Ол далаға қарумен шығып, мысықтарды өлтіре бастады. Олар өмір сүрмеуі керек дейді. Арыз жазылды, бірақ нәтиже бола ма, жоқ па белгісіз», — делінген видео жазбасында.

Осы оқиға байланысты Шымкент қаласының полиция департаменті пікір білдірген.  «2020 жылдың екінші тамызындағы аталған оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 316 бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған. Аталған оқиға бойынша күдікті Абай ауданының Полиция басқармасына жеткізілді. Анықтау амалдары жүргізілу үстінде», — деді ведомство.

https://www.instagram.com/p/CDWnxz2DPsq/?utm_source=ig_embed

Айта кетейік, бұл бап бойынша 120 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл (333 360 тенге) немесе қоғамдық жұмыстар, немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

nur.kz