Шымкентте қайырымды жандар көпбалалы анаға баспана сыйлады — Бір үзік

0

Шымкентте Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында бір отбасы баспаналы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ел тарихындағы елеулі мереке қарсаңындағы қайырымды істі Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен «Ізгілік» қайырымдылық қоры бірге ұйымдастырды.

Роза Базарбайқызы баспана кезегінде тұр. Оған дейін алты баласымен пәтерден пәтерге көшіп, баспана тауқыметін тартып жүрген еді. Енді қайырымды азаматтар отбасыға қол ұшын созып отыр.

Басқарма бұл отбасын баспанаға мұқтаж ретінде ұсынып, қор есебінен жаңа үйдің кілті тапсырылды. Қайырымды жандар бұған қос аәлеуметтік тұрғыдан аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына жуырда қоржанына ашылған «Ізгілік» әлеуметтік дүкенінен киімдер мен аяқ киімдерін алып берді. Көптен армандаған үйлеріне қол жеткізген отбасына басқарма мен жергілікті әкімдік өкілдері құтты болсын айта барды.

Ал әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлері алдағы уақытта бұл жандарға көпбалалы отбасына тиесілі бар қамқорлықты көрсетіп, олардың тұрмысын түзеуіне қолғабыс жасауды жалғастырамыз деп отыр.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz