Шымкентте полиция бөлімі мен сот ғимаратының жанында орналасқан асхана карантинге қарамастан қызметін жалғастырған — Қазақстан жаңалықтары

0

Шымкентте төтенше жағдай режиміне қарамастан қалыпты жұмысын істеп, клиенттер қабылдап жүрген асхана анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі  КТК арнасына сілтеме жасап.

асхана

Видеоны жолаушылар түсіріп, желіге жариялаған. Үстелдерде шамамен 10 адам отырған. Клиенттер әдеттегідей түстеніп отырған. Көбі бетперде кимеген, мекеме қызметкерлері де маскасыз жүрген. 

Қызығы, келушілердің арасында форма киген азаматтың да бар екені байқалған. Себебі, асхана аудандық полиция бөлімі мен сот ғимаратынан бірнеше метр қашықтықта ғана орналасқан.  Бірақ белгілі бір себептермен тексеру тек әлеуметтік желіде видео жарияланғаннан кейін ғана келген.

«Біз келгенде қонақтар болған жоқ. Ішінде екі-үш адам болды. Олар үйге жеткізу қызметі болғандықтан тамақ алып кетуге келгенін айтты. Асхана әкімшілігіне қатысты ТЖ режимін бұзғаны үшін хаттама жасалды. Ал қандай жаза қолданылады, оны сот шешеді», — деді Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің орынбасары Есімжан Занкоев.

stan.kz