Шымкентте көп қабатты ғимараттан құлаған үш жасар бала өлді

0

Шымкентте көп қабатты ғимараттың сегізінші қабатынан құлаған үш жасар бала өлді деп хабарлайды куәгерлер сөзіне сүйенген шымкенттік Otyrar.kz сайты. Оқиға қаладағы Назарбаев даңғылы бойындағы көп қабатты ғимараттардың бірінде болған.

Көршілерінің айтуынша, пәтерде ересек адамдардан ешкім болмаған. Олар жедел жәрдем көлігін шақырған. Оқиға орнына он минуттан соң жеткен дәрігерлер баланың өліміне ғана куә болған.

Ресми орындар әзірге оқиғаға байланысты түсініктеме бермеді.

Қазақстанда балалардың терезеден құлауы жиі кездеседі. Мамандардың сөзінше, бұған ата-аналардың салғырттығы мен елдегі балабақшаның аздығы себеп.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысы мен Қостанайда бір күнде үш бала көп қабатты үй терезесінен құлады

Azattyq