Шымкентте бөтелкелесінің жыныстық мүшесін жұлып алмақ боп, ұрып өлтірген

0
161
Шымкентте бөтелкелесінің жыныстық мүшесін жұлып алмақ боп, ұрып өлтірген


Шымкентте бірге арақ ішкен екеудің бірі бөтелкелесінің жыныстық мүшесін жұлып алмақ боп, ақыры ұрып өлтірген.

Оқиға Шымкент қаласы Ақтас шағынауданында желтоқсанның үші күні болған. Жәбірленуші 1958 жылғы ер адам дүкенге кіріп арақ сатып алмақ болады. Дүкенде тағы бір сатып алушы Өзбекстан азаматымен танысады. Екеуі дүкен артына барып бірге ішеді.

Сылқия тойған екеудің арасында жанжал шығып, өзбекстандық азамат бөтелкелесін аяусыз ұрып өлтірген. Күдікті қазір қамауда. Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен екі ай мерзімге күзетпен бұлтартпау шарасы қолданылған. Оған қасақана кісі өлтірді деген айып тағылуда.

Дереккөз: otyrar.kz