Шымкентте биыл 17 балабақша ашылды – қала әкімі




Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған брифингте Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта қала халқының 91,6% табиғи газбен қамтылған. Бұл көрсеткішті арттыру үшін 2019-2020 жылдары үшінші АГРЭС салынатын болады. Нәтижесінде, газбен қамту көрсеткіші 100% жететін болады. Сонымен қатар, ауыз сумен қала халқының 93% қамтылған», — деген қала әкімі, бұл қамтуды 100% жеткізу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.
Әбдірахымов Шымкентте балаларды балабақшаға орналастыру процестері толық автоматтандырылғанын айтты. Нәтижесінде, 3-6 жас аралығындағы балабақшаға кезекке тұрғандар саны 2,5 есеге немесе 40 мыңнан 18 мыңға дейін қысқарған.
«Жыл басынан бері 2 451 орындық 17 балабақша ашылып, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жалпы саны 476 бірлікке, бала саны 60 741 құрады. Балаларды балабақшамен қамту деңгейі 89,8% жетті», — деді қала басшысы.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ