Жам­был облысында айналма жолдың екінші жағы пайдалануға берілді

0
75

Жаңа бағыттағы Қордай асуы­ның айналма жолы Жам­был облысының Қордай ауда­ны­ның аумағымен барлық елді ме­кендерді айналып өтеді. Бүгінге дейін пайдаланылып келген ав­то­мобиль жолы Сарыбұлақ, Бет­қайнар, Қордай, Алға елді ме­кендері арқылы өтіп, жалпы ұзақтығы 100 шақырымды құ­райтын болса, жаңадан  І-б са­натында салынған Қордай асуын айналып өту жолы 20 ша­қырымға қысқартылып, қазір 80 шақырымды құрады және елді мекендердің үстінен өтпейді. Осылайша жол жүру уақыты да қысқарып отыр.

Облыс әкімінің бірінші орын­ба­сары Бекболат Орынбе­ковтің ай­туынша, Қордай асуы­ның ұзақ­тығы 17 шақырымға (60%) қыс­­қарды. Қолданыс­тағы асу­дың ұзақ­тығы 27 ша­қы­рым болса, жаңа І техникалық санаттағы жол­дағы асудың ұзақтығы – 10 шақырым.

Сонымен бірге биыл «Ба­тыс Еуропа – Батыс Қытай» ха­лық­аралық транзит дәлізіне Қордай өткелінің айналма учаскесінің жалғасы болып табылатын «Отар-Ұзынағаш» жобасын іске асыру басталды. Жоба 2018-2021 жылдары іске асырылады. Жоба құрылысының ІІ кезеңін «Қа­зақжолқұрылысы» ЖШС мер­дігерлік ұйымы жүргізді. І ке­зектегі 40 шақырым жол 2015-2017 жылдар аралығында республикалық бюджеттен бө­лін­­ген 8,527 млрд теңгеге салын­ды. Тапсырыс беруші – «Жам­­был­­жол­зертханасы» РММ. Ал ІІ кезектегі 40 шақырым 2017-2018 жылдары респуб­ли­калық бюд­жеттен бөлінген 9,240 млрд тең­геге жүргізілді. Тап­сырыс беруші – «ҚазАвто­Жол» ҰК» АҚ Жам­был облыс­тық филиалы. Бұл жо­баға 400-ден астам жұмысшы және 200 жол-құрылыс техника­лары жұмыл­дырылды. Жоба­да 2 шағын ЖПБ, 1 жол-пат­руль қыз­мет бекеті, 1 ауылша­руа­шы­лық техника өткелі қарас­ты­рылған.

Салтанатты шара барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков қайта құру жо­басына атсалысқандарға ал­ғы­сын білдірді. Шара аясын­да ме­ре­келік концерт ұйымдас­ты­рылды.

Думан АНАШ, 

«Егемен Қазақстан»