Шымкентте әскер қызметкері мен оның ағасының өлімінің себебі жарияланды – Қазақстан жаңалықтары

0

Қорғаныс министрлігі әскери қызметкер мен оның ағасының Шымкенттегі өлімінің алғашқы себебін атады, – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

гааз

«Оқыс оқиғаның салдарынан, әскер қызметкері мен оның Шымкенттегі сауда орталығында сатушы болып жұмыс істеген ағасы жалдамалы пәтерде газға уланып, мерт болды. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары екі сарбаздың қаза тапқаны туралы берген мәліметі жаңсақ ақпарат», – деді қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Зардап шеккендердің бірі аға лейтенант атағы бар офицер болды. Оның туысы әскери адам емес. Олар осы жалдамалы пәтерде тұрақты тұрды. Қайғылы оқиға жұмыс уақытында болған жоқ», – деп толықтырды қорғаныс министрлігі.

Қорғаныс министрлігі қаза болғандардың отбасына көңіл айтады.

Әрі қарай полиция қайғылы жағдайға байланысты тергеу жүргізеді.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз