Шымкентте адамдар белгісіз иістен уланып жатыр

0

Шымкент тұрғындары белгісіз иістен уланып жатқанын хабарлады. Олардың бастары айналып, лоқсып жатыр.

Анықталғандай улы иіс қала сыртындағы индустриялды аймақтан келіп жатқан кәріз жүйесінен шығып жатыр. Бұл туралы Orda.kz. КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Апатты жағдайға шағым үш күн бұрын түскен. Ауадағы зиянды қалдықтардың көлемі 10 есеге артқан. Қазір аймақта экологтар жұмыс істеп жатыр, бірақ жағдай әлі де жөнделмеген.

 

Жаңа экологиялық апат салдарынан балалар қашықтан оқуға көшті. Себебі, №37 мектептің екі мұғалімі мен үш бірдей оқушысы өздерін нашар сезініп, оларды жедел жәрдем алып кеткен.

– СЭС зертханасының талдауы дайын болмайынша, толық онлайнға көшуге мәжбүрміз, – деді №37 мектептің директоры Гаухар Байбосынова.

Шымкентте мектеп пен бірге халыққа қызмет көрсету орталығы да істемейді, ал жағдайға алаңдап отырған ата-аналар балаларын алыс шалғайдағы туыстарының үйіне апаруға мәжбүр.

Бастапқыда мамандар жағымсыз иіс газ құбырынан шығып жатыр деген болжам жасаған, бірақ кейін оның қала сыртындағы индустриялық аймақтан келіп жатқан кәріз жүйесінен шығып жатқаны белгілі болды.

Шымкенттің сыртындағы индустриялық аймақта 50-ден астам кәсіпорын бар. Сондай-ақ, онда шойын жолы өтеді.

Қазіргі таңда экологтар шойын жолындағы цистерналардың бірінен немесе белгісіз кәсіпорын кәріз жүйесіне мұнай қалдығын төккен дейді. Себебі, кәріз жүйесіндегі су тым майлы болып тұр.

– Зертхана сынамаларының нәтижесі 0,3 көрсетуі керек, ал бізде көрсеткіш 14,6  болып тұр. Зияндығы 10 есе артқан, – деді Шымкент қаласы экология департаментінің бас маманы Мұхамеджан Тойшыбеков.

Химиялық қоспа кәріз жүйесін тазалайтын қондырғыны істен шығарса, нағыз экологиялық апат орын алуы мүмкін.