Алғашқы кездесуде арзан тамақ сатып алған жігітті мазақ еткен ару ұятқа қалды (фото)

0
33

Алғашқы кездесу кезінде дәмханадан арзан тамақ сатып алғаны үшін жігітті мазақ еткен ұлыбританиялық бойжеткен ұятқа қалды, деп хабарлайды Nur.kz сайты.

Белгілі болғандай, жігіт бойжеткенді алғашқы кездесуге шақырып, оған гамбургер мен бір стақан су ғана сатып алып беріпті. Фастфуд пен құр судың орнына коктейль, шампан әрі дәмді тағам алып береді деп күткен ару онымен кездесуді қорлық көріп, кештен кетіп қалуды ұйғарады.

Мұнымен қоймай, әлеуметтік желіде «жұпыны жігіттің» алып берген тағамдарының суретін жария етіп, оны мазақ еткен бойжеткен ақыры өзі ұятқа қалды.

«Жігіттің құр су алғанынан-ақ оның тақыр кедей екенін бірден түсінуге болады», – деп жазады ол парақшасында.

Алайда бұл суретті желіден байқап қалған жігіттің өзі үнсіз қалмауды ұйғарған. Ол «жігіттен тегін тамақ күтетін бойжеткеннің тақыр кедей екенін бірден ұғуға болады» деген жауап қайтарып, арудың жазбасына пікір қалдырады.

Содан бері арудың жазбасы елде қызу талқыға түсіп, көбі бойжеткеннің әрекетіне теріс баға беруде. Көптеген жігіттер алғашқы кездесуде қымбат тағам алмауы арқылы бойжеткенді тексеретіндерін алға тартып отыр.

Айтуларынша, оларға ғашығының тегін тамақ ішу үшін ғана емес, әңгіме-дүкен құрып, уақытын қызықты өткізу үшін де кездесуге келгенін түсіну маңызды. Еске салсақ, бұған дейін 41 жастағы жұмыссыз азамат ата-анасынан өмір бойы алимент төлеуді талап еткенін жазған едік. Ер адамның ойынша, оның материалдық көмек талап етуге толықтай құқы бар.