Шымкент зообағында жас жігіт жирафқа мініп алды

0
112

Бұл оқиғадан кейін зообақ әкімшілігі полицияға арыз берген

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде — Sputnik. Шымкент қаласындағы зообаққа келген жас жігіт жирафқа мініп алды.

Тәртіпбұзушының бұл әрекеті видеоға түсіп қалған. Жас жігіт зообаққа қыздармен бірге келіп, экзотикалық жануар сынап көргісі келіпті.

Тыйым салынғанына қарамастан ол момын жануарды өзіне шақырып, үш метрлік дуалға шықты да, жирафқа мініп алды.

«Шабандоздың» видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Осыған орай Шымкент зообағы мәлімдеме жасаған. Олардың мәліметіне сүйенсек, оқиға 27 шілде сенбі күні болыпты.

«Бәлкім, жігіт пен қасындағы қыздар мас болған шығар. Бұл адам зообақ аумағында жүру ережесін бұзды. Ол жайында мекеменің радио желісі әр 15 минут сайын хабарлап отырады», – деп атап өтті зообақ басшылығы.

Зообақ әкімшілігі тәртіпбұзушыны жауапкершілікке тарту үшін полицияға арыз берді.



sputniknews.kz