Өлең: Фариза Оңғарсынова (Жақсылар жаман болып шықты бүгін)

0

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Жақсылар жаман болып шықты бүгін) казакша Өлең: Фариза Оңғарсынова (Жақсылар жаман болып шықты бүгін) на казахском языке

Жақсылар жаман болып шықты бүгін.
Тұнжырап тұрып алды бұлтты күнім.
Әулие дегендерім арамза екен,
салды ма біздің елге жұт құрығын?
Айналды жын-ойнаққа құт тұғырым,
менің де жалған екен мықтылығым.
Қарақшы болып шықты көсемдерім,
бәрін де киелімнің жұтты жылым.
Айналды ақтың бәрі шойқараға,
бұл жайлы ешкім бірақ ойлана ма.
Сүттен ақ болып кетті қап-қаралар.
Қойшылар – жиналыста, қой – далада.
Білмен бұл аш ғасыр ма, тоқ ғасыр ма –
біреу бай, біреу аштан от басуда.
Әйелі қап арқалап, базар кезіп,
күйеуі пысылдайды от басында.
Екі адам басын қосса, у ішері,
музейде әкеміздің күміс ері.
Келін мен ұл қатарлы қонақ келсе,
ата-ана бір бұрышта бүріседі.
Ұл өссе, өмір кешпес ана жайлы –
жеткесін қолы аузына бала қайғы.
Телміріп жаутаңдаса алушылар,
сатушы қасқыр иттей абалайды.
Келін – би, қалмай ата-анада айбын,
бірдей ғып нұр шашуға сараң Ай, Күн.
Сұңқарлар шалшық суды шалпылдатып,
шортандар басында отыр қарағайдың

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз