Шымкент маңындағы жол апаты – фото

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

«Қазавтожол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі апаттан соң 15 адамның ауруханаға жеткізілгенін айтты

АЛМАТЫ, 24 қараша — Sputnik. Жексенбі, 24 қараша күні Түркістан облысында Алматы — Ташкент – Термез тас жолының 766-шы шақырымында жол апаты болды.  Hyundai Accent пен екі Daewoo Nexia көлігі соқтығысқан.

Скрин видео/»Казавтожол»

Алдын ала болжам бойынша көліктің тежегіші істен шыққан

Алдын ала мәліметке сәйкес, Hyundai жүргізушісі Сарыағаш – Шымкент бағытымен жүріп келе жатқан.

«Көліктің тежегіші істен шықты деген болжам жасалып отыр. Салдарынан машина Daewoo Nexia маркалы көліктермен соқтығысты. Hyundai Accent өртенді», — деп хабарлады Sputnik Қазақстанға «Қазавтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Маржан Ордабай.

Daewoo Gentra жүргізушісі көліктермен соқтығыспау үшін жолды бөгеп қойған қоршауға соғылды.

Тағы оқыңыз: Жол опырылып түсті: Алматыда жантүршігерлік апат болды

Жол апаты салдарынан 15 адам зардап шекті. Қаза болғандар жоқ.



sputniknews.kz