Шымбұлақтың мерейтойлық маусымы басталады

0

«Шымбұлақ» тау курорты 23 желтоқсанда дәстүрлі түрде белсенді демалыс, табиғат және жоғары дәрежелі сервис әуесқойлары үшін сырғанау маусымын ашады, деп хабарлайды Kznews.kz  тілшісі.

Биыл «Шымбұлақ»  өзінің 70 жылдығын атап өтуде.

«Қазір біз өз тарихымызды құрып жатырмыз және осы маусымдағы келесі жаңалықтардан бастағымыз келеді:

 1. «Шымбұлақ» базалық станциясында сырғанай алмайтын, курортқа алғаш келгендерге (балалар) арналған жаңа, мүлде қауіпсіз үйрену трассасы — Ақ Барсик іске қосылады.

2. Medeu Camp глэмпинг аумағында «Monti Bambini» мейрамханасының ашылады.

3. «Талғар асуы» станциясында ABR +-пен бірлескен жаңа жоба — ŞYÑ 32 мейрамханасы жұмыс істейді.

4. 2023 жылдың маусым айынан бастап «Медеу» базалық станциясының аумағында «Shymbulak Medeu Camp» жаңа балалар тау лагері ашылды. Қыс мезгілінде лагерь отбасылық демалысқа арналған глэмпинг форматында жұмыс істейді.

5. «Медеу» базалық станциясындағы алаңы 1 100 м2 креативті HUB —  шығармашылық кәсіп өкілдері мен түрлі саладағы кәсіпкерлерді біріктіретін кеңістік. Мұндай кеңістіктер жұмыс істеуге, пікірлестермен сөйлесуге, қажетті байланыстарды табуға және оларды дамытуға мүмкіндік береді.

6. «Шымбұлақ» б/с-та аты шулы брендтен фирмалық мерч сатып ала алатын Pop-Up PARK-тің ашылылады

7. Комби-1 орта станциясындағы жаңа ақпараттық орталық жұмыс істейді»,—делінген хабарламада.