Алматыда автобус жаяу жүргіншілерді қағып кетті: Қаза тапқандар бар

0

Алматыда автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып кеткен. Қаза тапқандар бар. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы қалалық полиция департаменті ақпаратты растады. Полиция мәліметі бойынша, жол апаты салдарынан үш адам қаза тауып, 4 адам жараланған.

Жол апаты 22 желтоқсан күні кешке Алматыдағы Райымбек даңғылында, №7 қалалық  аурухананың маңында болған.

Куәгерлердің айтуынша басқарудан шығып кеткен автобус аялдамада тұрған бір топ адамды соғып кеткен.