«Шымбұлақ» жабылды: Алматылықтар мұны Медведевтің келуімен байланыстырды — новости Казахстана

0

«Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты алдағы екі күн жабық болмақ. Мекеме әкімшілігі оның ресми себебін айтып түсіндіргенімен, көпшілік курорттың жабылуын басқа елдің беделді өкілдерінің келуімен байланыстырды деп жазады NUR.KZ.

Курорттың бас директоры Ержан Еркінбаев өзінің Instagram парақшасында қала тұрғындарына «Шымбұлақтың» бірнеше күн бойы жұмыс істемейтінін хабарлаған.

«Құрметті қонақтар, бізге шамамен 30 сантиметр қар түсіп үлгерді. Алдағы уақытта қардың жаууы күшейе түспек. Еске саламын, ертең, 2-сі және мүмкін үшінші ақпан күні курорт жұмысын тоқтатады» , — деп хабарлады Еркінбаев.

Ал желі қолданушылары курорттың жабылу себебіне сенім білдірген жоқ.

Көпшілік «Шымбұлақтың» жабылуы Алматыға Ресей үкіметінің басшысы Дмитрий Медведевтің келуіне тікелей байланысты деп пайымдауда.

«Аюларға бұрқасын сөз болып па?», «Көрші елдердің беделді өкілдерінің келуіне байланысты деп ашығын айтсаңдарышы. Бәрібір желіден көріп қоямыз», «Қар да тапсырыс бойынша болғаны ғой. Осымен бірінші рет жабылып тұрған жоқ. Әуежайдан күтіп алу басталады енді» , — деп жазуда желідегілер.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар



Дереккөз: kaz.nur.kz