Шығыс Қазақстанның 10 елдімекеніне газ жүргізілді

0

2018 жылғы 14 желтоқсан 02:38 119

Шығыс Қазақстанның 10 елдімекеніне газ жүргізілді


ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат — Биыл Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданындағы газбен жабдықтау жүйесіне қосымша  тоғыз елдімекен қосылды. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап,  ҚазАқпарат хабарлайды.

Мемлекет басшысының бесінші әлеуметтік бастамасын іске асыру Шығыс Қазақстанда 5 жыл бұрын басталған. 2013 жылдың 10 сәуірінде «Тарбағатай  Мұнай» ЖШС мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі ШҚО Зайсан ауданының тұтынушылары үшін Сарыбұлақ-Зимұнай газ құбырынан табиғи газды өткізудің жекелеген жағдайын жасау туралы келісім жасасқан.

Газ құбыры жүргізілетін тізімге Зайсан қаласы және тағы 9 елдімекен:  Қаратал, Айнабұлақ, Қайнар, Жамбыл, Көгедай, Шалқар, Үлкен Қаратал, Қарабұлақ және Кеңсай кірді.

«Тарбағатай Мұнай» ЖШС өкілдерінің мәліметінше, Зайсан ауданы тұрғындары үшін көгілдір отын жеңілдік бағамен сатылуда — бір текше үшін 11,20 теңге. Бұл — Қазақстандағы табиғи газдың ең төменгі бағаларының бірі.

Бүгінде Зайсан 40 пайыз газбен жабдықталған, бұл ретте қалаға газдың беріле бастағанына бес жыл болды. 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz