Тетіктердің айналуын тексеру, орнатып бекіту. Өңдеу ұзындығынан сынау жаңқасын алу. – Ашық сабақтар – Bilim

0
218

Тетіктердің айналуын тексеру, орнатып бекіту. Өңдеу ұзындығынан сынау жаңқасын алу.

Ашық сабақ

Күні:   06.11.2018 ж.

Тақырыбы: Тетіктердің айналуын тексеру, орнатып бекіту. Өңдеу ұзындығынан сынау жаңқасын алу.

Білімділік:Студенттерге тетіктердің айналуын тексеру, орнатып, бекіту кезінде, қауіпсіздік ережелері туралы әңгімелеу, түсіндіріу білімдерін көтеру.

Дамытушылық: Студенттерді өңдеу ұзындығынан сынау жаңқасын алу барысында, теориялық және практикалық тұрғыда дайындау.

Тәрбиелік: Студенттердітетіктердің айналуын тексеру, орнатып бекіту, өңдеу ұзындығынан сынау жаңқасын алу барысында құрал-жабдықтарға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақты  материалдық  текникамен  қамтамасыз  ету:                 

Құрал-жабдықтар, видеоролик, слайд, нұсқаулық карта, шахмат тасының сызбасы.

Сабақ  барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі (2мин)

 1.Арнайы киімдерін кию.

 2.Студенттермен  сәлемдесу.

 3.Студенттердің  сабаққа  дайындығын  тексеру.

2. Кіріспе нұсқау (43мин)

1.Өткен сабақты еске түсіру

Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою

  1. Ажарлау процесі дегеніміз не?

Жауабы: ажарлау дайындаманың өлшемінің дәлдігін және өңделген беттердің жоғары тазалығын қамтамасыз етеді.

  1. Ажарлау қандай станокта жүзеге асырылады?

Жауабы: ажарлау станогында.

  1. Ажарлау процесінің кескіш құралын ата.

Жауабы: әр түрлі абразивті материалдар.

  1. Ажарлау аспабын құраушылар?

Жауабы: ұсақ қатты абразивті материалдардың түйіршіктері

  1. Техникада қолданылатын ажарлау процесінің түрлері?

Жауабы: сырттай шеңбер бойлай ажарлау; іштей шеңбер бойлай ажарлау; жазық бет бойынша ажарлау;сырттай шеңбер бойлай ажарлау;центрсіз, сырттай ажарлау; центрлік ажарлау.

  1. Абразивті аспаптарды қалай жасайды?

Жауабы: қатты минерал түйіршіктер мен байланыстырушы заттарды қосып, белгілі тәртіппен термиялық өңдеуден өткізу арқылы жасайды.

  1. Абразивтер қаншаға және қалай бөлінеді?

Жауабы: 2-ге табиғи және жасанды деп.

  1. Табиғи абразивтерге жататындар.

Жауабы: корунд, алмас, түрпі (наждак).

  1. Жасанды абразивтерге жататындар.

Жауабы: электр корунды, карбарунд,  бор карбиді

  1. Ысқылау үшін қандай майұнтағын қолданамыз?

Жауабы:ГОИ майұнтақтарын және алмас майұнтағын қолданады.

2. Бүгінгі тақырып:Тетіктердің айналуын тексеру,

орнатып бекіту. Өңдеу ұзындығынан сынау жаңқасын алу

2.1 Мақсат қою: 1.Тетіктердің айналуын тексеріп үйрету, орнатып бекітіп,  өңдеу ұзындығынан сынау жаңқасын алып үйрету. Токарлық стнокта бұйым жасап, қажақтау жумыстарын жасап үйрету.

2.2 Тақырып бойынша видео материал студенттерге көрсету (видеоролик)

3. Студенттерден техника қауіпсіздігін сұрау

4. Металл өңдеу шеберханасындағы техника қауіпсіздік ережелерін естеріне салу (слайд).

4.1 Токарлық станокта жұмыс істеу кезіндегі негізгі ережелер

4.2 Токарлық станокта жұмыс істеу алдындағы сақталуы тиісті техника қауіпсіздігі.

4.3 Токарлық станокта жұмыс істеу кезіндегі сақталуы тиісті техникалық қауіпсіздігі

4.4 Токарлық станокта жұмыс істеп болғаннан кейінгі  сақталуы тиісті техника қауіпсіздігі.

4.5 Авариялық ситуация кезіндегі сақталуы тиісті техника қауіпсіздігі

5. Тапсырма беру.

Тапсырма:

Студенттерді үш топқа бөліп үш топқада бірдей тапсырма беру: 1-топ, 2-топ, 3-топ

1. Тетіктердің айналуын тексеру, орнатып бекіту, өңдеу ұзындығынан сынау жаңқасын алу кезінде, техника қауіпсіздік ережелерін естеріне салу.

2Тетіктердің айналуын тексеру, орнатып бекіту, өңдеу ұзындығынан сынау жаңқасын алу кезінде, станоктың жұмысқа дайындығын тексеру

3. Студенттерге Тетіктердің айналуын тексеру, орнатып бекіту, өңдеу ұзындығынан сынау жаңқасын алып, түсіндіріп, көрсету және іс жүзінде орындау.

4. Студенттерге станоктарда жаттығу орындау барысында, адам денесіне кауіп төнбейтіндей жағдайдың алдын алуды, түсіндіріп,көрсету.

5. Жаттығулардың дұрыс орындағанына көз жеткізу.

6. Студенттерді үш топқа бөліу: 1-топ, 2-топ, 3-топ

7. Студенттерге тапсырма беру.

Үш топқада бірдей тапсырма беру:

1. Дайындаманы үшқұлақшалы патронға орнатып, айналуын тексеру.

2. Орнатылған дайындамадан жоңқа алып, шахмат тастарын жасау.

3. Токарлық станокта жасалған бұйымның кедір – бұдырлығын азайту мақсатында қажақтау (ажарлау) жұмыстарын жасау. (нұсқаулық карта)

3.  Ағымды  нұсқау(180мин)

1.Айналым. Тетіктердің айналуын тексеру, орнатып бекіту, өңдеу ұзындығынан сынау жаңқасын алу кезінде, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырылуын міндетті түрде қадағалау

2.АйналымТетіктердің айналуын тексеру, орнатып бекіту, өңдеу ұзындығынан сынау жаңқасын алу кезінде,  техника қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақталуын үнемі қадағалап отыру

3.Айналым. Станоктарда жаттығу орындау барысында, жарақат алу себептерінен сақтандыру үшін, әрбір студенттің мұқияттылығын үнемі қадағалап, жеке нүсқаулар беру.

4.Айналым.Әрбір студенттің жұмыс жасау  барысын бақылау және кеңес беру.

5. Айналым.Әрбір студенттің, жаттығу орындау барысын бақылау.

6.Айналым. Жұмыстың тапсырма бойыша толығымен орындалғанына

көз жеткізу.

4. Соңғы нұсқау (45мин)

1. Әр бір студенттің орындаған жұмысын қабылдау ( топ бойынша).

2. Студенттердіқатыстыраотырыпсабақтыталдау.

3. Студенттергемағлұматтар мен ескертулерайту.

4. Жақсыайтқанстуденттімадақтау.

5. Бағақою.

Бағалау критериасы





Бағасы

Білу керек

Үздік (5)

  • Сабаққа белсенді қатысу.
  • Техника қауіпсіздік ережелерін білу және жұмыс барысында сақтау
  • Берілген тапсырманы толығымен орындау
  • Станокта жұмыс жасай білу
  • Жасаған жұмысын қорғай білу

Жақсы (4)

  • Сабаққа белсенді қатысу.
  • Техника қауіпсіздік ережелерін білу және жұмыс барысында сақтай білу
  • Берілген тапсырманы жартылай орындау
  • Станокта жұмыс жасай білу
  • Жасаған жұмысын қорғау

Қанағаттанарлық (3)

  • Сабаққа қатысуы төмен
  • Техника қауіпсіздік ережелерін білу және жұмыс барысында сақтай білу
  • Берілген тапсырманы жартылай орындау немесе орындамау
  • Станокта жартылай жұмыс жасай білу

 6.Жұмыс орнынжинау, тазалықережелерінорындау.

ІV.Үйге тапсырма

Өткен сабақты теориялық түрде қайталау

Өо шебері:   Махаббат О._____________

Ағашебер:   Молдабеков С. Т._____________

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ “ҚАПШАҒАЙ КӨПСАЛАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ” МКҚК

Келісілді                                       Қаралды                                       Бекітемін

Пәндік циклдік комиссия           Әдіскер                                        Оқу және өндірістік оқу

отырысындаБекбосын Т.Ә                                ісі жөніндегі директордың

Махаббат О_________            __________                                  орынбасары

«___» ___ 2018ж                       « ___» ___ 2018ж                        Қадырова Ә.Ә __________

« ___» ___ 2018ж         

Ашық сабақ

«Токарлық іс және металл өңдеу» мамандығы бойынша

Тақырыбы: «Тетіктердің айналуын тексеру, орнатып бекіту. Өңдеу ұзындығынан сынау жаңқасын алу»

Өндірістік оқыту шебері: Махаббат О

Қапшағай 2018жылы




Дереккөз: http://bilim-all.kz/