Шығыс Қазақстанда жер сатылып жатыр деген рас па –  облыс әкімі жауап берді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Мессенджер мен әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстанның үш ауданында жер сатылды деген ақпарат тараған еді

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов шетелдіктерге жер сатылып жатыр деген қауесетке қатысты жауап берді, деп хабарлайды өңірдің талдау және болжау институты.

Күршім әкімі жер сатылып жатыр деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Соңғы үш күнде әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджерінде Үржар, Күршім және Жарма аудандарында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер Қытай кәсіпкерлеріне сатылды деген ақпарат жалған болып шықты.  

«Өңір басшысы ретінде Үржар, Күршім және Жарма аудандарында бір метр жер де Қытай азаматтарының иелігінде емес екенін ресми түрде мәлімдеймін», — деді Даниал Ахметов брифингте.

Еске сала кетсек, Қазақстанда 2016 жылдан бері жерді шетелдіктерге және шетелдік үлесі бар заңды тұлғаларға сатуға мораторий жарияланған.

Ақтөбе мен Атырау облыстары бес-алты жылда шөл далаға айналуы мүмкін

Облыс әкімі мораторий жарияланғанға дейін, 2015 жылдың қазан айында байқау қорытындысы бойынша бір шетелдік компания ШҚО-ның Бесқарай ауданындағы 14 мың 890 гектар жерді 10 жылға жалға алғанын атап өтті. Қазір ол ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылып жатыр. 400 миллион теңгеден астам инвестиция құйылған.

«Момын халық». Мұхтар Тайжан қытайлардан неге қорықпау керек екенін айтты

Сөз соңында Ахметов Шығыс Қазақстанның жерлері сатылмағанын және болашақта да сатылмайтынын қадап айтты.

Айта кетсек, 21 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына сапары кезінде жер шетелдіктерге сатылмайтынын мәлімдеген болатын.



sputniknews.kz