Шығыс Қазақстанда полиция басшысының орынбасары көз жұмды

0

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Медет Бердімұратов өмірден өтті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі осыла деп мәлімдеді.

“Ішкі істер министрлігі полиция полковнигі Медет Бердімұратовтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтады. Әріптесіміз ішкі істер органдарындағы қызметінде үлкен еңбек жолынан өтіп, қылмысқа қарсы күрес пен азаматтардың құқығын қорғауға зор үлес қосты”, – делінген хабарлаада.

Оның соңғы атқарған қызметі – Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары.

Медет Тасырханұлы құқық қорғау органдарында 1999 жылдан бері қызмет еткен. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тумасы.

Еңбек жолын 2002 жылы Алматы облысы Ішкі істер басқармасының Талғар аудандық ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі лауазымынан бастаған.

Қызмет еткен жылдары түрлі басшылық лауазымдарда, соның ішінде ҚР ІІМ Тергеу департаменті тергеу және аймақтық бақылау басқармасының бастығы болды.

2019 жылы Ақмола облысы ПД бастығының орынбасары болып тағайындалған.

2022 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды.

Айта кетейік, 13 сәуірде Атырау облысындағы су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек беруге аттанғалы жатқан Қайырбек Қоспанов есімді Түркістан облысының тұрғыны қайтыс болды. Оның артында әйелі мен жеті баласы қалды.