«Бишімбаевтың мүлкі тәркіленсін»: қазақстандықтар петиция жариялады

0

Кешегі сот отырысында Бишімбаевтың телефонынан ақша аударымдары тексерілді. Оның көп бөлігін марқұм Салтанат Нүкеноваға жіберген. Осыған байланысты халық петиция жариялады, деп хабарлайды Caravan.kzмедиа порталы.

Қазақстандықтар экс-министр Қуандық Бишімбаевтың отбасы мен жақындарына қатысты мүлкін тәркілеуді талап етіп, otinish.kz сайтында петиция жариялады.

«Қуандық Бишімбаевтың отбасы мүшелерін, анасы Альмира Нұрлыбекқызының, інілері Бақытжан Байжанов пен Нұрлыбек Сұлтанның қаржылық жағдайын және өткен коррупциялық істеріне қатысты тексеріс жүргізілсе екен. Тексеріс қорытындысы қоғамға ашық түрде жарияланса, — деп жазылған петицияда.

Қазіргі уақытқа дейін петицияға 37 128 адам қол қойған.