Шығыс Қазақстанда өз қызын зорлап, қашып кеткен тұрғынның мәйіті табылды

0
60

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Күдікті мас күйінде кәмелеттік жасқа толмаған қызын зорлап тастаған. Қылмыстық істі полицейлер тергеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының тұрғыны өз қызын зорлағаннан кейін өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Әкесін пышақтап өлтірген апалы-сіңлілі қыздар қамаудан босатылды 

Тәртіп сақшыларына әйел арызданған. Ол күйеуі мас күйінде кәмелеттік жасқа толмаған қызын зорлап тастағанын айтқан.

Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-тармағы (Зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалып, полиция 29 жастағы жергілікті тұрғынды іздеуге кіріскен.

«Іздеу шаралары барысында күдіктінің мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол салған. Тергеу амалдары жалғасуда. Тиісті сараптама тағайындалды», – делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары жәбірленушінің жеке мәліметтері әлеуметтік желіде тарап кетуіне қатысты тексеріс жүріп жатқанын хабарлады.

«Бұл жағдайға қатысты қызметтік тексеріс басталды. Кінәлі тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады», – делінген хабарламада.



sputniknews.kz