Шығыс Қазақстанда орман өртінің ауқымы 2,5 мың гектарға жетті
Қысқа сілтеме алу
«Семей орманы» резерваты аумағындағы өрт екінші тәулікке созылды, оны 400-ден астам өрт сөндіруші сөндіріп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстанда «Семей Ормана» резерваты аумағындағы өрттің ауқымы екі жарым мың гектарға жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қазақстанның төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
Оқи отырыңыз: Әлемдегі ең үлкен тікұшақ Шығыс Қазақстанда басталған өртті сөндіруге жіберілді
Баспасөз қызметінің мәліметінше, өртті сөндіру жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.
«Жалынның аумағы шамамен 2500 гектарға жуықтайды. Өртенген орман-дала массивінің ішіндегі жеке ошақтар сөндіріліп жатыр», — деп хабарлады төтенше жағдайлар комитеті.
Сондай-ақ, құтқарушылар таңертең аумақты аралап ұшып шықты. Өртті сөндіруге облыстың ТЖД, «Семей орманы», «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваттарының және Ұлттық ұланның 400-ден астам қызметкері мен 100-ден астам техникасы жұмылдырылған.
«Казавиақұтқару» АҚ-ның Ми-26Т және «Қазавиаорманқорғаудың» Ми-8 тікұшақтары өрт ошақтарына су шашып жатыр.
Еске салайық, 23 сәуірде сағат 15: 00-де «Семей Ормана» резерватына қарасты «Байдәулет» орман шаруашылығы аумағынан өрт шықты.
sputniknews.kz