ШҚО-дағы орман өртін үш тәуліктен бері сөндіре алмай жатыр — Қазақстан жаңалықтары

0

Шығыс Қазақстан облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында үш күннен беру қртпен күрес жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

өрт

ШҚО ТЖД хабарлауынша,  «Семей орманы» аумағындағы қарағайлы тоғайда 23 сәуірде тұтанып бастаған өрт әлі де сөндірілмеген. Оттың таралуы тоқталғанына қарамастан, орманды дала алқабының жекелеген ішкі ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл ретте өрттің аумағы 2500 гектарға жетті. Өртті сөндіру тәулік бойы жүзеге асырылады.

өрт

«Өртті сөндірудегі ең үлкен тиімділік — дәл кешкі және таңғы сағаттарда ауа температурасы түсіп, оттың даму жылдамдығы төмендейді. Сондықтан жұмыс күндіз де, түнде де тоқтамайды. Біз аумақты өрт жиегі бойынша айналып өтіп, техникаларды кварталдарға бөлу жұмыстарын жүргіздік», — деді ШҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің бастығы Гафур Ақаев.

Өрттің тез таралуының басты себебі қатты жел болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің себебі — отты абайсыз пайдалану.

Айта кетейік, өртті сөндіруге «Семей орманы», «Ертіс орманы», ШҚО ТЖД өрт сөндіру қызметі, Ақмола облысының ТЖД және Ұлттық гвардияның 400-ден астам қызметкері, сондай-ақ ШҚО авиациялық бөлімшесінің тікұшақтары мен ҚР ІІМ ТЖК Қазавиақұтқарудың Ми-26 тікұшағы жұмылдырылды.

өрт

Бұған дейін ШҚО-дағы орман өртін ауыздықтауға тікұшақтар жұмылдырылғаны белгілі болды. Кейіннен өртті сөндіруге әлемдегі ең үлкен тікұшақ жіберілгені хабарланды.

 

stan.kz