Шығыс Қазақстанда он екі вагон рельстен шығып кетті

Қысқа сілтеме алу
Теміржолшылар қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ екенін хабарлады, дегенмен алты пойыз кестеден кешіккен
НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым — Sputnik. Ақтоғай – Аягөз учаскесінде он екі вагон рельстен шығып кетті, деп хабарлады «ҚТЖ-Жүк тасымалы»акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.
Оқиға 27 маусым күні сағат 16.20-да болған.
Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ, деп атап өтті компания.
Тағы оқыңыз: Арыстағы төтенше жағдай салдарынан бірнеше жолаушылар пойызы кідірді
Аягөз және Ақтоғай станцияларында қалпына келтіру пойыздары дереу оқиғаның зардаптарын жоюға кіріскен.
Шығыс Қазақстан облысындағы теміржол апаты салдарынан алты жолаушылар пойызы – № 301 Новосибирск – Алматы, № 351 Өскемен – Алматы, №311 Семей – Нұр-Сұлтан, №459 Өскемен — Достық, №32 Алматы – Павлодар, №22 Қызылорда – Семей пойыздары уақытынан кешікті.
Арнайы комиссия құрылып, оқиғаның себебі тергеліп жатыр.
sputniknews.kz