Швед ханшайымы коронавирус індетіне байланысты ауруханада жұмыс істей бастады — Қазақстан жаңалықтары

0

Швед ханшайымы София Стокгольмдегі Софиахеммет ауруханасында жұмысын бастады. Осылайша, ол SARS-CoV-2 індетімен күресуге көмектескісі келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін ханшайым көмекші медициналық персоналды оқытатын Софиахеммет ауруханасындағы колледжде жеделдетілген үш күндік курстан өтті. Апта сайын курсты 80 адам бітіреді. Эпидемия салдарынан дәрігерлер мен медбикелерге жүктемені азайту үшін қосымша жұмысшылар қажет болды.

Сарайдың баспасөз қызметі ауруханада түсірілген 35 жастағы ханшайымның суреттерін таратты. Суретте София хирургиялық костюм киіп, Софиахеммет қызметкерлерінің қоршауында тұр.

Ханшайым София — ханзада Карл Филиптің әйелі, билік етуші король Чарльз XVI Густавтың жалғыз ұлы, ол швед тағына төртінші үміткер болып келеді. Үйленгенге дейін ол модель және реалити-шоудың қатысушысы ретінде танымал болды.

 

stan.kz