Шу вокзалындағы «қыз алып қашу» оқиғасы видеоға түсіп қалған (ВИДЕО)

0

Куәгерлер жәбірленуші қыз өзінің әлі кішкентай екенін айтып, көмекке шақырса да ешкім көмектеспегенін жеткізген. Сондай-ақ олар қажет уақытта орнынан табылмаған полиция қызметкерлерінің әрекетіне шағымданған.

Болған оқиғаға қатысты Жамбыл облыстық полиция департаменті түсінік берді.

«Таралған бейнежазбаға қатысты полиция қызметкерлері тергеу жүргізді. Оқиғаның мән-жайын анықтап, түсініктеме беру үшін жігіт пен қыз аудандық ішкі істер бөліміне шақырылды. Олардың айтуынша, қыз бен жігіт бірге жұмыс істейді және кездесіп жүргендеріне 6 айға жуық уақыт болған. Қыз Шуға жігіттің ата-анасымен танысу үшін ғана келген, ал жігіт жәбірленушінің дайын болмағанына қарамастан оны бірден алып қашып, той өткізбек болған. Сондықтан қыз барлығын видеоға түсіріп алған», — деп түсіндірді полиция.

Полиция қызметкерлері қыздың жігітінің үстінен арыз жазудан бас тартқанын жеткізді.

Қазір олар қыздың ата-анасымен танысып, қазақтың салт-дәстүрі бойынша ақ батасын алу үшін қыздың үйіне жолға шыққан.