Шу тұрғындары айтуға ауыз бармайтын қылмыстың үстінен түсті
Қысқа сілтеме алу
Жамбыл облысында қаршадай қызды зорлаған педофилге сот үкімі шықты. Азғын 20 жылға бас бостандығынан айырылды
НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Жамбыл облысында екі жарым жастағы қызды зорлаған азғынға қатысты сот үкімі шықты. Қаршадай қызға жәбір көрсеткен қаскөй енді 20 жылын темір тордың арғы жағында өткізуі тиіс.
«ҚР ҚК 120-бабы, 4-бөлігімен айыпталған азамат кінәлі деп танылды. Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойына педагогикалық қызметпен айналысуға шектеу қойылсын», — деп үкімді оқыды Жамбыл облыстық сотының судьясы.
Шуда болған атышулы іс жабық қаралды. Тіпті үкім оқылар күні де сот залына тілшілер кіргізілмеді. Фемида өкілдері бұны жәбірленуші тараптың қарсылығымен түсіндірді. Сотталушыға 3 миллион теңге моралдық шығын төлеу міндеттелді. Ол мұны бір айда өтеп беруі тиіс, деп хабарлады КТК.
Таразда 24 жастағы еркек кішкентай қызға азғындық жасады
Сұмдық оқиға маусым айында болған. 25 жастағы қаныпезер жасы үшке толмаған бүлдіршінді үйіне кіргізіп, арам пиғылын іске асырған. Кішкентай қыздың жанұшыра айғалаған дауысын көршілер естіп, айтуға ауыз бармайтын қылмыстың үстінен түседі. Қашуға әрекет еткен педофилді ауылдастары полицейге ұстап берген. Ал қорлық көрген қыздың сол кезде тек ауруханаға түскені, оның жағдайының қалыпты екені ғана айтылды. Өзге мәліметтің тарауына туыстары шектеу қойған.
sputniknews.kz