18 көлік соқтығысқан жол апатынан 29 адам зардап шекті – фото

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Жүргізушілер тұман мен көктайғақтың салдарынан көлік тежегішін басып үлгермеген. Тасжолдағы көлік қозғалысы шектелді 

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Германияның оңтүстік-батысында ірі жол апаты болды.

Merkur газетінің мәліметінше, тасжолдағы көктайғақтан бір уақытта 18 көлік соқтығысып, 29 адам зардап шеккен.

Жолды тұман басып, салдарынан бір жүргізушісі рөлге ие бола алмай, тіреуішке соғылған. Ал артта келе жатқан көліктер тоқтап үлгермеген.

Алматыда жаппай апат кезінде науқасты әкеле жатқан «жедел жәрдем» аударылды – фото

Апатқа ұшыраған көліктердің арасында 3 өрт сөндіру, 2 полиция автокөлігі мен бірнеше фура бар.

Тасжолдағы көлік қозғалысы шектелді.



sputniknews.kz