ШҚО-да жұмыста ұзақ отыратын қызметкерлердің компьютерлері сөндіріледі

0
26 Желтоқсан 2018, 11:10 95 0

Астана, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында белгіленген уақыттан тыс жұмыс орнында отыратын мемлекеттік қызметкерлердің компьютерлері сөндіріледі. Компьютерлерге автоматты сөндіру және жұмыс уақытын есептеуіш жүйелер 19 мемлекеттік мекемеде орнатылған. Бұл жөнінде Zakon.kz порталы хабарлайды.

Жоба бастамашылары болып табылатын қоғамдық ұйым мен өңірлік мемлекеттік қызмет департаменті өкілдерінің айтуынша, бұл жаңа әдіс кеңсе қызметкерлерін тәртіпке үйретуді, жұмыс күнін дұрыс ұйымдастыруға және асыра жұмыс жасағаны үшін төлем жасауды қамтамасыз етуі керек.

«Жұмыс күнінің соңына дейін 2 минут қалғанда, компьютерлер сөндірілетіні туралы хабарлама келеді. Қазір мен белгіленген уақыт ішіне жұмыстарымды аяқтап үлгеруім керек екенін түсінемін», — дейді статистика департаментінің маманы Ғалия Сүлейменова.

«Бұл шаралар жоғарғы жақта отырған билікті түнге таяп қалған уақытта тапсырма беруге болмайтынын және осыған дағдылануын үйретеді деп сенеміз», — дейді ҮЕҰ басшысы Олег Чернышев.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ