ШҚО-да үйдегі жарылыстан бір адам опат болды (фото)
Шығыс Қазақстан облысында үйдегі газ баллонының жарылуынан әйел адам қайтыс болды. Бұл туралы облыстың төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше, Глубокое ауданы Веселовка кентіндегі Ленин көшесінен өрт шыққаны туралы хабарлама 4 сәуірде 6 сағат 43 минут шамасында түскен. Өрт сөндірушілер келген кезде өртке оранған тұрғын үйде газ баллоны жарылғаны анықталған.
Туыстары үйде мүгедек әйел болуы мүмкін екенін айтқан. Құтқарушылар жанып жатқан үйге кіріп, 1969 жылы туған әйелдің денесін тапқан. Ол I топтағы мүгедек болған еді. Шығыс Қазақстан облысы ТЖД хабарлауынша, өрттің себебі электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.
Өрт жалпы 45 шаршы метерді құраған. Тілсіз жауды сөндіру үшін жеке құрамнан 7 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылған.