ШҚО-да қылмыскер екі ер адамды өлтіріп, артынша өзіне қол салды
21 желтоқсан күні Курчатовта қылмыскер тапанша қолданып, аса ауыр қылмыс жасады. Үш ер адамның денесі көпқабатты үйлердің бірінен табылды.
«Алдын ала болжам бойынша, кінәлі адам алдымен екеуін өлтіріп, кейін өзіне қол салған. Көз жұмған ер адамдардың кім екені анықталды. Олардың барлығы да — Курчатов тұрғындары», — деді ШҚО ПД басшысы Сағат Мадиев.
Қазіргі сәтте ҚР ҚК 2-бөлік, 99-бап бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұдан өзге ақпарат тергеу мүддесін қорғау мақсатында жарияланбайды.
Сондай-ақ, полиция аталған жағдай көшеде болды деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.