Шымкентте әжейді зорламақ болған күдікті ұсталды. Полицей селфи жасады

0

Шымкентте 70 жастағы кейуананы подъезде зорламақ болды деген күдіктімен селфи жасаған полиция қызметкеріне қатысты тексеріс жұмыстары басталды.

«Аталған қызметкерге қатысты тексеріс басталды. Нәтижесі қосымша жарияланады», — делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.

Әлеуметтік желіде ұсталған күдіктімен түскен селфи қызу талқыға түскен болатын.

Еске салсақ, 17 желтоқсан күні Шымкентте ер адам 70 жастағы кейуанаға шабуыл жасады. Ол оны ұрып, артынша зорламақ болды. 20 желтоқсан күні күдікті ұсталды. Қазір ол тергеу изоляторында, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.