ШҚО-да із-түссіз жоғалып кеткен бойжеткен өлі табылды

0
ШҚО-да із-түссіз жоғалып кеткен бойжеткен өлі табылды


Шемонаиха ауданының тұрғыны 23 жастағы Кристина Подкорытова өлі табылды.

Марқұмның денесін 1 желтоқсанда жер қойнына тапсырады. Шемонаиха аудандық полиция бөлімі берген ақпаратта бойжеткен үйінен 1 сәуір күні кешке жақын шығып кеткендігі айтылған еді. Содан кейін оралмаған.

Кейіннен мамыр айында оның өлі денесі табылғандығы туралы да ақпарат әлеуметтік желіде таралған болатын. Бірақ облыстық полиция департаменті ақпаратты теріске шығарған еді.

Жуықта Кристина Подкорытованың, шынымен, қаза болғандығы белгілі болды. Алайда, қай уақытта қаза тапқаны және өлімінің себебі белгісіз.