Шоколад атауларының мағынасы |

0

Кейде есімізге қызық атау түссе, бірден бұл қайдан шықты екен деген ойға келеміз. Шет тіліндегі сөз болса, қазақша баламасын іздейміз. Басқа болса, не себеппен олай аталғаны қызықтыра түседі. Компания басшыларының креативті идеясынан шабыт аламыз. Ал шоколад атаулары қалай қойылды? 

Ferrero Rocher шоколады Forbes журналының рейтингі бойынша Италиядағы ең бай адам Микеле Ферреро атымен аталған. Атауы брендке айналған Ferrero компаниясы Нутелла, Киндер-сюрприз, Raffaello сияқты басқа да шоколадтар және кондитерлік өнімдер шығарады. 

Nutella крем-шоколады әрі пайдалы, әрі ерекше дәмімен құнды. Оның тарихы да тереңде. Алғашында «джандуйо» атауымен шыққан оның жетілдірілген нұсқасы «Supercrema» («Суперкрем») деп аталды. 12 жыл өткеннен кейін Микеле Феррероның ұлы шоколад құрамын тағы да өзгертіп, Нутелла деген жаңа атау берді. Ол екі тіркестен құралған «nut» — «жаңғақ» деген мағына береді, ал «ella» — италиялық әйелдер есіміне жалғанатын жалғау. 

Киндер-сюрприз шоколады әр елде әр түрлі атаумен таралады. Германияда – «Kinder Uberraschung», Италия мен Испанияда – «Kinder Sorpresa», Португалия мен Бразилияда – «Kinder Surpresa», Швеция мен Норвегияда – «Kinderoverraskelse», Англияда – «Kinder Surprise» деп аталады. Байқағанымыздай, басыңқы сөзі ауысып отырады да, бағыныңқы «Киндер» сөзі өзгеріссіз қалады. Ол «балақай» деген мағына береді. 

Nestle тәттісін шығаратын компания атауы басшысының құрметіне қойылған. Швейцариялық дәрі-дәрмек маманы Генри Нестле нәрестеге қосымша берілетін не ана сүтін алмастыратын азық ойлап табуды ойға алды. Нәтижесінде Farine Lactee Henry Nestle атты өнім ойлап тапты. Қазақша мағынасы – «Генри Нестле сүтті ұны». 

KitKat шоколад батончигі де Nestle компаниясының туындысы. Бұл атау 18-ші ғасырдағы саяси көшбасшылардан құралған KitKat клубының құрметіне қойылған болуы мүмкін. Ол клуб Кристофер Кэтлинг (Christopher Catling) үйінде орналасқан. Қысқартылғанда Kit-cat Kit — Christopher, Cat — Catling болып, клуб аты шығады. 

Albeni шоколады түріктің атақты Ulker компаниясынан шығады. Сөзбе-сөз аударғанда, «Ал мені» дегендей болады, мағынасы – таңғажайып, тартымды деген сөздермен астасады. 

Alpen Gold – Ресейден шығатын кірпіш шоколадтың үздігі. Атауы Алпі алтыны деген мағына береді. Бірақ Альпі тау жоталарына еш қатысы жоқ. Тек зауыттары Шығыс Еуропада орналасқан. 

Mars шоколады америкалық кәсіпкер Форрест Марс атымен аталған. Шоколадпен аттас компания Milky Way, Snickers, Bounty, Twix, M&M’s тәттілерімен де танымал. 

Milky Way сөзі ағылшын тілінен аударғанда «(Сүттей) Ақ жол» деген мәнге ие. 

Snickers – қазақша баламасы «күлдіру», «қуанту» немесе «кроссовка». Бұл компания негізін салушы Форрест әулетінің сүйікті тұлпары атауының құрметіне қойылған. 

Bounty шоколады. Жаңа Зеландияның шығысында орналасқан тропикалық арал осылай аталады. «Bounty» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «жомарттық», «кеңпейілділік» деген мағына береді. 

Twix шоколады ішінде екеуі тұратынын білеміз. Бұл атау «twin» (қос, егіз) және «biscuits» (печенье) сөздерінен құралған. 

M&M’s түрлі-түсті кәмпиттер шыққалы бірнеше өзгеріске ұшырады. Жасап шығарған қос тұлға Mars & Murrie’s (Марс және Мьюрри) есімдерінің алғашқы әрпіне қойылған.

Дереккөз: Reactor

http://inform.kz