Ермахан Шайхыұлы | өмірбаяны

0

Ермахан Шайхыұлы Әбдіраман 1966 жылы 29 қаңтарда Түркістан қаласында дүниеге келді. 1984 жылы № 31 кәсіптіктехникалық училищесін қызыл дипломмен бітіреді. 1986–1988 жылдары Түркістан қаласындағы «Қайта қалпына келтіру» шеберханасында жұмысшы болып еңбек етті. 1993 жылы ҚазМУдің журналистика факультетін бітірді. 1991–1992 жылдары оқудан қол үзбей «Қазақ университеті» баспасында редактор боп жұмыс істейді. 1993 жылы «Түркістан» қаласы әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінде бас маман, 1995 жылы алғаш ашылған «Түркістан тынысы» телеарнасының директоры болып қызмет етті. 1995–1996 жылдары «Тұран» телеарнасында редакторрежиссер, 1996–1999 жж. қалалық мәдениет бөлімінде режиссерсценарист болды. 1999–2006 жж. әлФараби атындағы ҚазМҰУдың журналистика факультетінде аға оқытушы болып дәріс берген. 2000–2001 жж. «Бикеш» республикалық газетінің Бас редакторы, 2003 жылдың мамыр айынан бастап «Ара» журналының тілшісі, 2004–2006 жж. «Айқын» газетінде тілші, 2006 жылдан «Дала мен қала» газеті бас редакторының орынбасары, «50 де 50» газетінің Бас редакторы болып қызмет істеген.

2007 жылы «Айқын» газетінің жауапты хатшысы болды. 2009 жылдан бастап «Айқын» газеті бас редакторы орынбасары.

«Ауыз тие отырыңыз», «Бір түрлі кітап», «Қазіргі қазақ сатирасы», «Мынауың жынды екен», «Жатыпатар», «Аққудың сыңары», «Шылдыр шүмек», «Ағынан жарылсақ…» атты кітаптардың авторы. Оның құрастыруымен «Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл» атты кітабы жарық көрді.

Қазақстан Жазушылар одағының және  Халықаралық Жазушылар одағының  мүшесі. «Бейбітшілік әлемі» алтын медалінің, Президенттің алғыс хаты және Садықбек Адамбеков атындағы сыйлықтың, Балғабек Қыдырбекұлы атындағы сыйлықтың (2 мәрте) иегері.