Шиелі ауданының әкімі тұрғындармен кездесуге халықты кіргізбей қойған (видео) — новости Казахстана

Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы тұрғындармен кездесуге қарапайым халықты кіргізбей қойған. Өзінің мұң-мұқтажын аудан басшысына айтуға барған көпшілікті күзетшілер есіктің аузынан қайтарған деп хабарлайды 31 арна.

Әшім Оразбекұлы. Фото: syr-media.kz, видеодан кадр. Коллаж: NUR.KZ
Қарапайым халықты әкіммен жүздесуге жібермей тұрған қызметкерлер бұл әрекеттерін арнайы бұйрық деп түсіндірген.
Ал тұрғындар осы кездесу үшін бар тірлігін тастап, таңғы 09:00-ден бастап осы мекеменің жанында жүр.
Алайда олардың бұл әрекетінен нәтиже шықпаған.
Дереккөз: kaz.nur.kz